Белсенділер Назарбаев, Тоқаев, Мәсімов, Тұрғынбаевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр
25.02.2020
Жаңалық
5
Бір топ белсенді Бірінші президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың және Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовтың отставкаға кетуін талап еттіп, наразылыққа шықты.
Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің тергеу изоляторындағы қазасынан кейін наразы болған жұрт Нұр-Сұлтан қаласындағы Ішкі Істер Министрлігі ғимаратының алдына митингіге шығып, өз талаптарын қойып отыр.
Алматыда полиция департаменті алдына да бір топ белсенділер жиналып, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың отставкаға кетуін және елдегі проблемаларды шеше алмайтын биліктің ауысуын талап етіп жатыр.
[embed]https://arasha.kz/qogamdyq-belsend-dulat-agad-l-tergeu-izoljatorynda-qajtys-boldy/[/embed] Фото:ҚазТАГ