Балқашта теміржолшы тергеуге алынды
12.02.2021
Жаңалық
5
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты Балқаш жол дистанциясының бастығына қатысты тергеу жүріп жатыр. Қамауға алынған теміржолшы бюджеттің миллиондарын жымқырды деп айыпталуда.
Тергеу нұсқасы бойынша, ол тергеу барысында анықталған лауазымды тұлғалармен бірге темір жол төсемін күрделі жөндеу бойынша жекелеген жұмыс түрлерін орындамау арқылы бюджет қаражатын жымқырған.
Транспорттық прокуратураның мәліметінше, жалпы шығын 92 миллион теңгеден асты.Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Балқаш жол дистанциясының бастығы азамат Т. ұсталып, кейін соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген Транспортық бас прокуратура хабарламасында.
«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмеген», - деді транспорттық прокуратура.