Бір тәулікте мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды
20.01.2021
Жаңалық
4
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде өткен тәулікте 1 134 адам коронавирус жұқтырды.
Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 171 232 жетті.
Оның ішінде:
Алматы қаласында - 20635(+112)
Нұр-Сұлтан қаласында -20342(+198)
Шығыс Қазақстан облысында - 19638 (+43)
Атырау облысында - 15104(+74)
Қарағанды облысында - 12920(+72)
Павлодар облысында - 10874(+151)
Батыс Қазақстан облысында - 10030(+45),
Солтүстік Қазақстан облысында - 9709(+76),
Қостанай облысында - 8811(+68),
Ақмола облысында - 8558(+108),
Алматы облысында - 8377(+92),
Шымкент қаласында -5743(+10),
Жамбыл облысында - 5317(+21),
Түркістан облысында - 3928(+22),
Маңғыстау облысында - 3905(+17),
Ақтөбе облысында -3841(+18),
Қызылорда облысында -3500(+7).
20 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 25 038 адам короновирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 522 пациент стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Денсаулық сақтау министрлігі 307 адамның жағдайы ауыр, 61 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалайды. 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.