Қазақстандық банктер шетелге $2 млрд. шығарған

29.11.2019 Жаңалық
5
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық банктер $2 млрд. шетелге шығарған. Бұл туралы "Араша" сайты "LS-ке" сілтеме жасап хабарлайды. Ұлттық банктің мәдіметінше, бұл олардың  шетелдік шоттардағы активтерінің өсуімен байланысты. "Ағымдағы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке сектордың капиталды шетелге шығарудың таза үлесі өткен жылдың осы кезеңіндегі $1,9 млрд таза әкелумен салыстырғанда $3,3 млрд-ты құрады. Сондай-ақ, банктердің операциялары бойынша капитал $2 млрд. шығарылды. Басқа секторлар бойынша таза әкету $1,3 млрд капиталды құрап отыр, ол банктік емес сектор кәсіпорындарының портфеліндегі шетелдік бағалы қағаздардың көбеюі есебінен активтердің өсуімен, банктік емес сектор кәсіпорындарының дебиторлық берешегінің және төлем балансында жіктелмеген жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен операция жасауы өсуі салдарынан болды", -деп хабарлайды ведомство. Сондай-ақ, Ұлттық Банкте төлем балансының операциялары бойынша резервтік активтер $5,4 млрд.төмендегенін атап өтті. Қысқартудың болу себебі резиденттер қаражатын ведомствода валюта есепшоттарынан алып қою мен Ұлттық қор теңгелей активтерін валютаға конвертация жасау. "Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне олар $ 28,2 млрд бағаланған, бұл тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортының 7,2 айын қаржыландыру қажеттілігін жабады", -деп отыр Ұлттық банк.