Астанада 0-9 сынып оқушыларына сабақ қашықтан оқыту форматына ауысты

22.01.2025 Жаңалық
10

Ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшті.

"Астана қаласының білім басқармасы хабарлайды: 22.01.2025 жылы ауа райының нашарлауына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді", - деп хабарлады Білім басқармасы.