Аружан Саин: Педофилдердің суретін көрсетіп, атын атау керек

19.11.2019 Жаңалық
5

"Бұқаралық ақпарат құралдарында балалар зорлығы сияқты қылмыс бойынша сотталғандар жайлы материалдар үнемі аты-жөндері аталмай, суреттері көрсетілмей жарияланып жатады. Бұл осындай қылмысқа бейім адамдар үшін қорқыныш тудырмауы мүмкін. Мәселен, оларда "мен ғана мұндай емес екенмін ғой, әне, қаншама адам солай жасап жатыр" дегендей ой қалыптасуы мүмкін.

Айта кетсек өткен аптада Тараз қаласындағы мектептердің біріндегі әжетханада, сабақ уақытында 12 жастағы қыз зорланғаны туралы ақпарат тараған. Күдікті қамауға алынды. Мектеп директоры мен оқу орнының үш қызметкері жұмыстан қылды.