Ақтөбе облысы баскетбол командасы үшін бюджеттен 33 миллион теңге жұмсамақ

25.11.2020 Жаңалық
4
Ақтөбе облысының әкімшілігі баскетбол командасы үшін бюджеттен 33 миллион теңге жұмсамақ. Хабарлама мемлекеттік сатып алу порталына шықты. Тапсырыс беруші: "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы". Лоттың атауы: Спорттық клубтардың қызмет көрсетулері. Сатып алынатын қызмет түрі: "Ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы баскетболдан Қазақстан Республикасының XXVIII Чемпионатына қатысу үшін ұлттық баскетбол құрамасының мүшелерін дайындау және қатысу бойынша қызметтер" деп көрсетілген. Жоспарланған қаражат: 33 482 142 теңге.