Ақмола облысында 600-ден астам жұмыскерлердің құқығы қорғалды

17.02.2025 Жаңалық
6

Степногорск қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасы саласында талдау жүргізу нәтижесінде жұмыскерлердің құқықтарын қорғап, қалпына келтірді.

Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органдары Еңбек кодексінің 23-бабын бұза отырып, еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (әрі қарай-ЕШЕБЖ) енгізген жоқ. Соның салдарынан жұмыскерлердің жүйеден деректер алу құқықтары бұзылған. 

ЕШЕБЖ-ның негізгі артықшылықтары келісім-шарттың, жарналардың және қорларға жарналардың болуын көрсету арқылы қағаз құжаттарды жинау және әлеуметтік тәуекелдерден қорғау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін жеңілдету, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскерлер алдындағы міндеттемелерін бекіту болып табылады.

Анықталғандай, 2023-2024 жылдары жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан 627 жұмыскер туралы мәліметтер енгізілмеген. 

Қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесінде 627 адамның құқықтары қорғалды, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.