Алматыда заңсыз сауда нысандары сүріліп жатыр

05.03.2025 Жаңалық
6

Кезекті сүрілген нысан Наурызбай ауданындағы Қонаев және Яссауи көшелерінің қиылысында орналасқан бургер сататын орын болды.

Қаланы тазарту науқаны аясында мемлекеттік қор жеріне өз бетінше қойылған 300-ден астам дүңгіршек пен 222 ойын автоматы (силомер) бұзылды.

 Жұмыс тобы жерге бекітілген 32 күрделі құрылымды анықтады – олар бойынша сотқа талап-арыз жолданды.

Қала тұрғындары өзгерістерді байқап жатыр. «Кеңірек, таза болып қалды, дүңгіршектердің айналасында қоқыс пен егеуқұйрықтар жоқ», – дейді Медеу ауданының тұрғыны Татьяна Касаткина.

 Бұзу жұмыстары жалғасады, 15 наурызға дейін қалған 210 стационарлық емес сауда нысанын (СЕСН) жою жоспарланған. Алматы жайлы әрі көрікті қалаға айналып келеді!