Алматыда шектеу шаралары күшейеді
17.03.2021
Жаңалық
6
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 20 наурыздан бастап күшіне енетін жаңа қаулыға қол қойды. Қалада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты карантиндік шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жаңа құжатта білім беру орталықтарының жұмысы, мәдени нысандардағы репетиция, цирк, театр, кинотеатр, концерт залдарының жұмысына тыйым салынғаны туралы жазылған.
Сонымен қатар, эпидемиологтар тұрғындарға «Медеу» мұз айдынында жаппай сырғанауға рұқсат жоқ екенін ескертеді.
Қоғамдық көлік жұмыс кестесі:
- жұмыс күндері - штаттық режимде;
- демалыс, мереке күндері - 6.00 - 10.00; кешке - 17.00 - 22.00 болып өзгереді.