Алматыда бір тәулікте 500-ден аса адам жұқпалы індет жұқтырды

30.03.2021 Жаңалық
7
Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Өткен тәулікте тағы 1445 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың 545-і Алматыдан деп хабаралайды coronavirus2020.kz. 30 наурыздағы мәлімет бойынша,  24 180 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 130 пациент стационарда, 16 050 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында: 364 адамның жағдайы ауыр; 76 пациенттің жағдайы өте ауыр; 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау облысы COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақта тұр. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 204 Алматы қаласы - 545 Шымкент қаласы - 13 Ақмола облысы - 45 Ақтөбе облысы - 73 Алматы облысы - 177 Атырау облысы - 63 Шығыс Қазақстан облысы - 22 Жамбыл облысы - 25 Батыс Қазақстан облысы - 76 Қарағанды облысы - 92 Қостанай облысы - 38 Қызылорда облысы - 9 Павлодар облысы - 30 Солтүстік Қазақстан облысы - 25 Түркістан облысы - 8. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 243 318-ге жетіп отыр.