Алексей Цой: Қайта қалпына келу кезеңі ұзаққа созылады

11.02.2021 Жаңалық
5
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина салдырудың маңыздылығын түсіндірді. Айтуынша, иммундық жүйеге кері әсерін беретін инфекция  созылмалы ауруларды асқындырады. Одан сақтанудың жолы – вакцина алу.

Министр вакцинация 400 жылдан бері адамзатты шешек, оба, полиомиелит сияқты аса қауіпті аурулардан қорғап келеді.

«Соңғы отыз жылда халық арасында эпидемиялық паротитті жұқтыру көрсеткіші 870 есеге, В гепатитіне шалдығу 150 есеге, ал көкжөтелді жұқтыру 7,3 есеге азайған. Қазіргі кезде біз вакцинаның арқасында полиомиелит, дифтерия, сіреспе сияқты инфекцияларды ұмыттық», - деді Цой.