2019 жылы Разамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшері мен ораза кестесі жарияланды
26.04.2019
Жаңалық
9
ҚР Мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді.
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
Биыл Рамазан айы 6 мамырда басталады. Мұсылмандар 30 күн ауыз бекітеді. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5,6,7 маусымда ораза айт тойланады.
Сондай-ақ Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылға бекітілген ораза кестесі мен намаз уақытын жариялапты.


Басқа қалалар мен елдімекендерді толықтай басқарма сайтынан таба аласыз.