Көк шығын: Семейлік шенеуніктер сатып алған киіз үй бағасы агенттікті шошытты

13.02.2021 Сараптама
4
Семейлік шенеуніктер пандемия кезінде бағасы бір бөлмелі пәтер құнымен шамалас киіз үй сатып алған. Қымбат бұйым әлі пайдаланылған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері пандемия кезінде мемлекеттік органдар бюджет қаражатын мерекелік атрибуттарға жұмсап, қымбат тауарлар сатып алғанын анықтады.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында Семей Мәдениет үйінің қолдан жасалған 12 хан киіз үйін алынғаны туралы ақпарат бар. Хан киіз үйінің біреуінің құны 5,4 млн теңге. 12 киіз үй алуға 64 млн теңгеге жуық ақша кеткен. Конкурс өткізілген деп танылған.