ЖСДП президенттікке өз кандидатын ұсынды

01.10.2022 Саясат
7
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің президенттікке кандидаты ретінде Нұрлан Әуесбаевты ұсынды. Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы туған, Түркістан облысының тумасы. Астана тұрғыны. ЖСДП елордалық филиалының басшысы. Жоғары білімі бар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Ұзақ уақыт жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.