ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ: ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ҚОЛДАУЫ КЕРЕК
09.11.2022
Саясат
4
Бүгін «Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «DANMARD» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат олармен еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мәселелерін талқылады. «DANMARD» ЖШС әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігеді. Кәсіпорын бүгінде өз өндірісін дамытуда және жетілдіруде. Кездесуде кандидат өзінің сайлауалды науқаны аясында еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға қол жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Жигули Дайрабаев сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыстардың әділ бөлінуі тиіс екеніне тоқталып, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялар тек импорттық тауарларды сатып алатынын атап өтті.

Сонымен қатар Жигули Дайрабаев өңірлерде жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды.
«Өңірлерде, әсіресе ауылдық елді мекендерде жұмыс күші мол. Ауылдарда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыта отырып, біз көптеген мәселені шешіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етер едік», – деді Жигули Дайрабаев.Кездесу соңында кандидат қызметкерлердің өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы қойған сұрақтарына жауап берді.