Жигули Дайрабаев президент сайлауына түсетін болды
30.09.2022
Саясат
7
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы кезектен тыс ХХ съез өтіп, алдағы президент сайлауына партия атынан түсетін үміткердің есімін жариялады.
Съезге қатысушы делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді."Партияның саяси кеңесі кезектен тыс президент сайлауында президенттікке кандидат ретінде партияның атынан Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Дайрабаев Жигули Молдахалықұлының кандидатурасын съез қарауына ұсынады" деді Әли Бектаев.