Жанболат Мамайға тағылған айып өзгерді
26.10.2022
Саясат
5
Саясаткер Жанболат Мамайға тағылған айып ауыстырылды. Бұл туралы Жанболаттың жұбайы Инга Иманбай мәлімдеді.
«24 қазанда Жанболаттан жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып алынып тасталды. Енді оның ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 400-бабы «Заңсыз митингі ұйымдастыру» санатына ауыстырылды. Ал ол әлі қамауда, оны сот пен жаза күтіп тұр», - деді Иманбай Еуропарламенттің адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің отырысында.