Жанболат Мамай Қазақстанның демократиялық партиясын құратынын мәлімдеді

16.10.2019 Саясат
6
Белгілі қоғам белсендісі Жанболат Мамай Қазақстанның демократиялық партиясын құратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты. "Әріптестерімізбен ойлана келе, осындай партия құруды жөн санап отырмыз. Біздің мақсатымыз - әділет министрлігінде тіркелу емес. Жалпы бір нәрсені түсіну керек деп ойлаймын. Партия деген қағаз емес, әділет министрлігінде тіркеу емес, биліктің берген рұқсаты емес. Партия - адал идеялас азаматтардың, тұлғалардың алдына қойған мақсаттарын саяси тұрғыда жүзеге асыру. Президент, парламент сайлауларында бағдарламасын халыққа таныстырып, елдің қолдауын, даусын жинап билікке келу - кез келген партияның алдына қойған мақсаты - осы" - деді Жанболат Мамай. Жаңа партия құру туралы баспасөз мәлихатына саясаткер Төлеген Жүкеев және журналист Сергей Дуванов қатысты.