Жанболат Мамай аштық жарияламақ

15.05.2021 Саясат
10
Алматыдағы Республика алаңында тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай және оның жақтастары аштық жарияламақ. Дәл қазір алаңда полиция көп және ол аумақта интернет өшірілген. Жанболат Мамай жер мәселесіне қатысты айтқан талаптары орындалмаса, 15 мамырдан бастап аштық жариялайтындарын мәлімдеген еді.