Қытай Қазақстанда 55 жобаны іске қосуды қолға алған

08.01.2019 Саясат
14

Қазіргі уақытта 55 ауқымды индустриялық инвестициялық жобалардың қолға алынғанын тағы да бірқатар жаңа жобалар жоспарланып отырғанын Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесу кезінде айтқан. Мұны мәжілістің баспасөз қызметі жазды. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының арқасында жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламалары да сөз болған.