Түркия Қазақстанға ұшқышсыз аппараттар жеткізеді

30.01.2022 Саясат
7
Түркия Қазақстанға ұшқышсыз аппараттар жеткізбек. Бұл туралы TUSAŞ компаниясының бас директоры Темель Котиль хабарлаған. "Түрік аэроғарыш компаниясы -   Türk Havacılık ve Uzay Sanayii AŞ (TUSAŞ) бірнеше айдың ішінде  Anka ұшқышсыз аппараттарын Қазақстанға жеткізеді», -  Темель Котиль. Қаңтар оқиғасынан кейін жаңа қорғаныс министрін тағайындаған кезде президент Тоқаев қару-жарақтың ескіргенін айтқан еді. «Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет", - деген еді президент. Президенттің "Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс" деген тапсырмасына сәйкес Түркиядан жаңа заманауи ұшқышсыз аппараттар сатып алынуы мүмкін. Бірақ қорғаныс министрлігінде Түркиядан ұшқышсыз аппараттар алынатыны жайлы ресми сөз әлі айтылған жоқ.