Түркия ШЫҰ-ға толыққанды мүше болғысы келеді
12.07.2024
Саясат
21
Ердоған Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында Түркияның Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) толыққанды мүшесі болуға ұмтылатынын айтты.
Режеп Тайып Ердоған НАТО саммиті аяқталғаннан кейін журналистермен кездесті.
«Қазір ШЫҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие Түркияның мақсаты – ұйымға толыққанды мүше болу. Енді ол Шанхай бестігіне қосылуы керек», - деді Ердоған.
Ердоған жақында Астанада өткен ШЫҰ саммиті кезінде Путинмен және Тоқаевпен осы мәселені талқылап, процеске қолдау көрсетуді сұрағанын жеткізді.