Трамптың хаты: Ақымақ болма!

17.10.2019 Саясат
8
АҚШ президенті Д.Трамп Түркия Сирияда әскери операция жасаудан сәл бұрын Түркия президенті Ердоғанға хат жазған. Хаттың көшірмесін foxnews  журналисі Триш Реган жариялады. [embed]https://twitter.com/trish_regan/status/1184559361638748161?s=19[/embed] Хатта Трамп Ережеп Тайп Ердоғанға: "Пайдалы келісімге келейік. Сен мыңдаған адамның қырылып-жойылуына жауапты болғың келмейді. Ал мен Түркия экономикасының қирауына жауапкер болғым келмейді. Бірақ маған оны істеуге тура келеді. Ақымақ болма! Сәлден соң қайта хабарласам", -деп жазған. Сондай-ақ Трамп Сирия демократиялық күштерінің басшысы генерал Мазлум сөйлесуге дайын екенін де айтқан. Ақ үй Трамптың Ердоғанға жария болғандай хат  жазған растаған. Хат 9 қазанда жазылған. Дәл сол күні Түркия Сирияда әскери операция бастады. Ердоған партиялас жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде: "Күрд терроршылары қаруларын тастаған күні операция өзінен өзі тоқтайды", -деп мәлімдеген еді.