Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
03.02.2024
Саясат
20
Ақорданың мәлімдеуінше телефон арқылы сөйлесуге Украина тарапы ықыластық білдірген.
Әңгімелесу барысында Украина Президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ таяуда Давоста (Швейцария) 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан «бейбітшілік формуласы» атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.