Тоқаев орамал мәселесі туралы айтты

05.10.2023 Саясат
6
Бүгін Астанада өткен Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі хиджаб мәселесіне қатысты пікірін айтты.

Сонымен қатар мемлекет басшысы зайырлылық ұғымына қатысты түсінікті тарқатып берді.

Жалпы, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды. Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл – салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Arasha.kz

ФОТО: Ақорда