Тоқаев мемлекеттік сапармен Әзербайжанға барды
11.03.2024
Саясат
5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.
Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.