Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

01.09.2022 Саясат
6
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Оның айтуынша, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. «Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын»,-деді ол. Сондай-ақ, ол президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажеттігін айиты. «Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Тоқаев.