Тоқаев: Кейбіреулер тілді саяси құрал ретінде пайдаланады
05.10.2023
Саясат
6
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілдің қоолдану аясы туралы ойын айтты.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қазақ тілі креативті индустрияның тіліне айналған.
Мысалы, «Аватар» сияқты әлемге белгілі фильмдер қазақша сөйлеп жатыр. Сондай-ақ Қазақстанның атын бүкіл әлемге танытып жүрген талантты жастарымыз да қазақ тілін дүние жүзіне паш етуде, тілімізді өнерімен, еңбегімен, яғни нақты ісімен дәріптеп жүр. Бұл – біздің жастарымыздың саналы таңдауы. Қазақ тілі – азаматтық бірегейлігіміздің және рухани бірлігіміздің нышаны. Біз оны күнделікті қарым-қатынастың ғана емес, нағыз ғылым мен білімнің тілі етуге тиіспіз. Бұл міндет жөнінде бұрын да айтылды, осы мақсатты күшпен, айқай-шумен емес, ақылмен, парасатпен іске асыруымыз керек. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ міндеті – деді президент.Ол «Қазақ тілі барша Қазақстан халқын ұйыстыратын басты құндылықтың бірі ретінде дами беретінін» айтты.Бұған ешқандай күмән болмауға тиіс. Ең бастысы, тіл саласындағы біздің бағдарымыз – айқын, баршаға түсінікті. Сондай-ақ шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, рухани байланысты нығайта береміз. Бұл мәселе – менің жеке назарымда. Жалпы, осы айтылған жұмыстың бәрін рет-ретімен жасасақ, көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз – деді ол.
Arasha.kz
ФОТО: Ақорда