Тоқаевтан сөз естіген Көлік министрі де орнынан кетті

08.06.2025 Саясат
9

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Қарабаевты Көлік министрі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Қарабаев Марат Каримжанұлы Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды», – деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қарабаев бұл қызметті 2023 жылдың қыркүйек айынан бері атқарып келген.

Еске салайық, 14 мамыр күні көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Тоқаев Қарабаевқа жұмыстағы олқылықтары үшін ескерту жасаған болатын.