Тоқаев Қытайдағы кездесулердің бәрінде қазақ тілінде сөйлеген

11.09.2019 Саясат
6
Бүгін Президент Қ.Тоқаевтың Қытайға екі күндік ресми сапары басталды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Тоқаев ресми кездесулердегі баяндамаларын бәрін қазақ тілінде жасаған.

"Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады", - деп жазады Берік Уәли.