Тоқаев пен Зеленский бірін-бірі құттықтады

25.09.2019 Саясат
6
БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының жұмысы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті деп хабарлайды "Ақорда" баспасөз қызметі. "Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды", -деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.