Тимур Құлыбаев қызметінен кетті
17.01.2022
Саясат
5
Н.Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғарғы қызметінен кетті.
"Бүгіннен бастап мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы қызметінен кетуді шештім",- деген Құлыбаев өз хатында.
Ол 8 жыл бойы палатаның жоғарғы бақылау кеңесін басқару жауапкершілікті іс болғанын айтып, съезд делегаттарына және төралқа мүшелеріне алғыс айтқан.
Бұдан бұрын Н.Назарбаевтың тағы екі күйеу баласы - Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досан да қызметтерінен кеткен еді.