Су жаңа депутат 20 мың теңгеге қалай баланы асырауға болатынын айтты

13.02.2019 Саясат
6
13 ақпанда ғана мәжіліс депутаты болып сайланған бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев журналистерге 20 мың теңгеге бір баланы қалай бағуға болатындығын айтты. Бұл туралы жазған total.kz айтуынша мәжілісмен: "Үнемдесе жетеді деп ойлаймын. Бұл жеткілікті сомма деп есептеймін", -деген. Ал бес баланың әкесі Нұржан Әлтаевтің өзі 20 мың теңгені қалай жеткізуге болатындығын түсіндіріп бере алмады: "Бұл менің әйеліме қойылатын сұрақ. Оған күнделікті осы іспен айналысуға тура келеді. Балаларға қажетті заттар алатын сол. Табыс табушы мен екенім белгілі», – деді депутат.