Сооронбай Жээнбеков өз қарсыластарынан көмек сұрап жатыр
09.10.2020
Саясат
10
Сооронбай Жээнбеков Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін өз қарсыластарынан да көмек сұрап жатыр. 24.kg ақпараттық агенттігі оның Оштың бұрынғы мэрі Мелис Мырзакматовпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанға 7 қазанда оралған Мырзакматов «Қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағылған соң елден қашып кеткен болатын. Оның айтуынша Жээнбеков «Мелис, сенің тәжірибең бар. Өз үлесіңді қос», - деп көмек сұраған екен. Мемлекет басшысы егер шақырса Алмазбек Атамбаевпен де келіссөз жүргізуге дайын екенін айтыпты. Өз еліне халықтың шақыруымен келген Оштың экс-мэрі осыған дейін Сооронбай Жээнбековтың ағасы Асылбекпен кездесіпті.