Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды Ақордада ресми қарсы алды
31.03.2025
Саясат
5
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.