Шығыстың идеологиясына жауапты болған Нүсіпова жауапты хатшы болды
30.07.2020
Саясат
5
фото: zhasalash.kz
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өкімімен Әсем Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Әсем Нүсіпова бұрын да денсаулық сақтау министрлігінде қызметте болған. Бірақ Нүсіпова Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған кезде елдің есінде көбірек қалды.
***
Әсем Бекқызы Нүсіпова
Туған жылы: 1975 жылдың 1 мамырында дүниеге келген.
- Білімі: 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін «Экономист. Менеджмент саласындағы маман» мамандығы бойынша аяқтаған.
- 1998 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмәмдаған.