Шойгу 300 мыңға жуық резервшіні шақыру жоспарлары туралы мәлімдеді

21.09.2022 Саясат
7
Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында 300 мыңға жуық резервшіні шақыру жоспарлары туралы мәлімдеді.

inbusiness.kz-тің жазуынша, ол запастағы Қарулы Күштер ішінара мобилизациялауға жататынын нақтылады.

"Бұған дейін қызмет еткендер, әскери есепке алу мамандығы бар, яғни бүгінде Қарулы Күштерге қажет мамандық жауынгерлік тәжірибеге ие адамдар ғана шақырылады", – деді Шойгу.