Шекараны жауып, азаматтық беруге уақытша мораторий жариялау керек – Абзал Құспан

22.09.2022 Саясат
7
Заңгер Абзал Құспан Ресейден кеп жатқан адам нөпірін тоқтату үшін шекараны жауып, азаматтық беруге уақытша мораторий жариялау қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар ол адам ағынын тоқтату үшін мынандай жауап-ұсыныстар жасады: - шекараны жабу керек; - ватсап-телеграм чаттарды мониторинг жасайтын, күштік құрылым қызметтірін үйлестіруші ұйым құрылуы керек; - заңдарды шұғыл түрде, ситуацияға сәйкес өзгерту керек, мысалы заңсыз құжат жасауға қатысқан адамдарға ауыр жаза қарастыру керек; - заңсыз кірген, қос азаматтық алған азаматтарды анықтап, елден депортация жасау керек; - азаматтық беруге уақытша мораторий жариялау (заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін) - азаматтық алуға қатысты заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер енгізу.