Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жеңіліске ұшырады
Америкалық дипломаттың айтуынша, "Ресей бұл жалған айыптауларды растайтын нақты дәлелдер келтірген жоқ" және пікір білдірнен елдердің басым көпшілігі "Ресей көтерген мәселелер негізсіз және мәселе түпкілікті шешілді" деп санады. Алайда, Томас-Гринфилдтің айтуынша, Ресей мұны да аздық көріп, "өз позициясын теріс пайдаланып, бізді қорлау арқылы дәл осындай жалған шағымдарды орынсыз алға тартты". Дауыс беруден тартынған Мексика елшісінің орынбасары Хуан Мануэль Гомес Робледо Ресей тергеуді бастау үшін ешқандай дәлел келтірмегенін айтты. Томас-Гринфилд бұл отырысты "уақытты босқа кетіру" деп атап, бұл мәлімдемелер Мәскеудің Украинадағы ресейлік күштер жасаған қатыгездігі және ақталмайтын соғысты ақтау үшін істеп отырған әрекеті екенін айтты.
"Украинада биологиялық қару жасау бағдарламасы жоқ", - деді ол.Ресейдің БҰҰ-дағы Елшісі Василий Небензя АҚШ-ты Украинада қауіпті патогендермен жұмыс жасады деп айыптады. Алайда, Томас-Гринфилд Ресейдің талаптары "көптеген себептерге байланысты ақылға қонымсыз, өйткені мұндай түрлерді қару ретінде қолдануға болатын болса да, мұндай қару еуропа континентіне және Украинаның өзіне кез-келген басқа елге сияқты қауіп төндіреді" деп қарсылық білдірді.