Ресей бұл соғыста қазірден жеңіліс тапты – АҚШ президентінің кеңесшісі
24.02.2023
Саясат
16
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Украинадағы жағдай алдағы уақытта қалай өрбісе де, Ресей бұл соғыста жеңіліс тапты деп санайды.
«Ресейдің бұл соғыстағы басты мақсаты – Украинаны картадан өшіру, астанасын қиратып, Украинаны жұту еді. Олар сәтсіздікке ұшырады және бұдан былай ойлаған мақсаттарына жете алмайды», - деді Салливан соғыстың бір жылдығына орай CNN ұйымдастырған жиында.