Реформа жасайтын жоғарғы кеңестің құрамы бектілді

15.09.2020 Саясат
5
Президент жанындағы реформа жасау жөніндегі жоғарғы кеңес құрылып, оның құрамы бекітілді. Сонымен, реформа жасайтындар тізімі: Қасым-Жомарт Тоқаев - ҚР президенті, төраға; Сума Чакрабарти - төрағаның орынбасары;. Жоғарғы кеңес мүшелері: Асқар Мәмин ҚР Премьер-Министрі; Ерлан Қошанов ҚР президент әкімшілігінің жетекшісі; Ерболат Досаев ҚР ұлттық банк төрағасы; Қайрат Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформа жөніндегі агенттік төрағасы; Мәдина Әбілқасымова Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігің төрағасы; Әсет Исекешев Президенттің көмекшісі әрі қауіпсіздік кеңесінің хатшысы; Тимур Сүлейменов ҚР президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары; Тимур Құлыбаев  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президумының төрағасы; Бұл жоғарғы кеңес реформалар жөніндегі аса маңызды ұсыныстарды қарау және бекіту үшін құрылып отыр. Бір сөзбен айтқанда, елдегі реформа жоғарыдағы адамдардың мақұлдауымен, солардың ьекітуімен ғана жүзеге аспақ.