"Референдум – мемлекетімізді жетілдірудің басты қадамы"

13.05.2022 Саясат
4
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Конститутцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдумның маңызы мен мәнін түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутатарымен кездесті. - Мемлекет басшысы суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы айтты. Сонымен бірге Жолдауды жүзеге асыру аясында Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау ескерілген. Яғни, елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігі өзгеріске ұшырайды және азаматтар ол туралы білуі керек. Бұл азаматтардың иглігі үшін жасалып жатқандықтан, қоғам белсенділік танытуы тиіс,- деді Ерлан Саиров. Жиын барысында облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары да өз сауалдарын қойып, өтініштерін айтты.