Қырымдағы әуежайда жарылыс болды

09.08.2022 Саясат
4
Куәгерлердің айтуынша, Новофедоровка елдімекеніндегі әуежайда он шақты жарылыс болған. Ресей әскерилері әуежай зымыранмен атқыланбағанын, жарылғыш зат қою арқылы жарған болуы мүмкін дегенді айтты. Сондай-ақ жарылыстан кейін Саки әскери әуежай маңынан 30 шақты адам қауіпсіз жерге көшіріліп, жарылыс болған жер қоршауға алынған. Украина қарулы күштері әуежайдағы жарылысқа қатысты ешқандай түсінік бермеді.