Қырғызстан ҰҚШҰ оқу-жаттығуын өткізбейтін болды

09.10.2022 Саясат
7
Қырғызстанның қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізбейтін болды. Sputnik.kz сайтының мәліметінше, Әскери маневрлер 10 қазаннан бастап республика аумағында өтуге тиіс болатын. Қырғызстан ҰҚШҰ-ның ресми сайтындағы іс-шаралар күнтізбесінен алынып тасталды. Оқу-жаттығулардың өткізілмеу себебі туралы елдің қорғаныс министрлігі ресми мәлімеме жасаған жоқ.