Құлыбаевтар, Ким және Өтемұратов - Қазақстандағы ең бай адамдар

06.04.2022 Саясат
6
Forbes журналының жаңа санында Қазақстандағы бай адамдардың жаңарған тізімі жарияланды. Сонымен Қазақстандағы ең бай адамдар:
  1. Владимир Ким - $5 млрд, әлемдік рейтингте Ким мырза 622 орнынан 584 орынға көтерілген.
  2. Тимур Құлыбаев - $3,8 млрд, 
  3. Динара Құлыбаева - $3,8 млрд (Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы бір жылда $3 млн-нан айырылғандарымен  әлемдік рейтингте 1111 орыннан  800 орынға жайғасқан).
  4. Болат Өтемұратов - $2,8 млрд, соңғы бір жылда ол $9 млн-ға байыған.
  5. Вячеслав Ким - $2,7 млрд, соңғы бір жылда $362 млн-ға байлығын еселей түскен.
  6. Михаил Ломтадзе - $2,6 млрд, оңғы бір жылда $369 млн-ға байлығы артқан.
Forbes журналы жариялаған Қазақстандағы бай адамдар - Владмимр Ким, Болат Өтемұратов экс-президент Н.Назарбаевқа жақын адамдар деп сипатталады. Ал Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе екеуі Kaspi банктің қожайындары. Президент Тоқаев АҚШ-тың The National Interest журналында жарық көрген «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласында: "Сондай-ақ олигархтардың жинаған мол байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады" деді. Ал Forbes тізіміндегі байлар - қазақстандық олигархтар саналады. Президент бұл олигархтардың байлығын қандай жолмен, нендей механизммен жұмысшылар мен орта тапқа бағыттайтыны әзірге белгісіз.