Қоғамдық белсенді Дулат Ағаділ тергеу изоляторында қайтыс болды
25.02.2020
Саясат
6
Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында қоғамдық белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды деп хабарлайды Араша ақпараттық порталы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында жақында әкелінген 1977 жылы туған Дулат Ағаділ қайтыс болды. Дулат Ағаділдің үстінен сотқа құрмет көрсетпеу, сот төрешісін және сотқа қатысушыларды балағаттау айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалған", - делінген хабарламада.