Қазақстанда жаңа саяси партия құрылмақшы
12.09.2020
Саясат
5
Қазақстанда "Алаш-Желтоқсан" атты партия құрылмақшы. Партия құруға бастамашыл топ - "Желтоқсан-86" ұйымының белсенділері. Бұл туралы "Азаттық радиосы" жазады.
Бастамашыл топтың айтуынша, партияның құрылтай съезін өткізуге рұқсат алынған. Енді олар қол жинауға кіріспек.
Сондай-ақ олар құрылмақшы партияның оппозициялық партия болмайтынын, ұлттық мәселелерді көтеретін саяси ұйым болатынын айтқан.