Қазақстанда саяси партияны тіркеу талаптары жеңілдеді

07.11.2022 Саясат
5
Қазақстанда саяси партия құрып, оны тіркеу процесі жеңілдеді. ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова осындай мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, жер және оның ресурстарын халық меншігіне белгілеуде Конституцияның 6-бабына нақтылайтын түзетулер енгізілді.

«Келесі заңнамалық өзгеріс бұл судьялық лауазымдарға конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялауды енгізуге қатысты. Сол сияқты норма шығару процесін жеңілдетуге және нормаларды реттеу деңгейлерін нақтылауға, мәслихат төрағасы лауазымын енгізуге бағытталған жекелеген түзетулер қарастырылды», - дейді ол.

Бұған дейін ҚР Парламенті мен Үкіметінің өкілеттігіне қатысты заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілгенін хабарлаған едік.