Қазақстан үкіметі тарады
05.02.2024
Саясат
5
2024 жылдың 5 ақпаны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдап, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес Президент қаулы етті:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.